TALAP EDUCATION: ІЗДЕНІСТЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ
Біздің жолымыз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі ең үздік мектептер мен инновациялық лицейлердің қабырғасынан басталды. Біз өз ісіне шын берілген, шәкірттерінің жетістігі үшін түн ұйқысын бөлген ұстаздардың еңбегін көріп өстік.
Олар білімнің тек ақпарат емес, болашақты өзгертетін үлкен күш екенін дәлелдеді. Уақыт өте келе, сол ортадан шыққан мамандар мен түлектер еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде сабақ беріп, білім саласына жаңа леп әкелді.
Алайда, күнделікті бірізді жұмыс пен қатып қалған қағидалар мұғалімнің бойындағы отты сөндіріп алуы мүмкін екенін де байқадық. Біз ұстаздардың шаршамай, керісінше, әр сабақтан шабыт алып, заманауи құралдармен қарулануы қажет екенін түсіндік.
Біз TALAP EDUCATION орталығын әрбір педагогтың кәсіби деңгейін жаңа биікке көтеру үшін құрдық. Біздің мақсатымыз — мұғалімдердің ізденісіне қолдау көрсетіп, олардың бойындағы білім нәрін шәкірттеріне жеткізуге көмектесу.

